«Қан іздері, чемодан»: Германиядағы экс-судьяның өліміне қатысты жантүршігерлік деректер айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:37
- 38
Германияда қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты қорқынышты деректерді жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сайлыбаевтар отбасының адвокаты BAZA Telegram-арнасына берген мәліметке сүйенсек, 2015 жылы Ұлыбританияда Айгүл Александр Донцовпен танысқан. Бірнеше жылдан кейін олар некеге тұрып, отбасында қыз бала дүниеге келген. Уақыт өте келе ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы нашарлап, жанжалдар жиілей бастаған.
«Алайда Айгүлдің ең күрделі қарым-қатынасы қайын енесі — Наталья Донцовамен болған. Ол ұзақ жылдар бойы тергеуші және нотариус болып жұмыс істеген. 2018 жылы тіпті ЛДПР партиясынан Мәскеу мэрі сайлауына кандидатурасын ұсынған. Дәл осы Наталья ұлы мен келінінен Германияға көшіп келуді талап еткен», — деп жазады BAZA.
2024 жылдың 4 маусымында Айгүл жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Қазақстандағы туыстары онымен байланыса алмаған, ал күйеуі әйелінің қайда кеткенін түсіндіре алмаған. Бір аптадан кейін жергілікті көл маңынан чемоданның ішінен әйелдің мәйіті табылған. Сараптама оның Айгүл Сайлыбаева екенін растады. Сондай-ақ, оның қаза тапқан кезде жүкті болғаны анықталған.
«Тергеу бірден қайын енесі Наталья Донцованың тұлғасына назар аударды. Айгүл жоғалған түннің өзінде ол Германиядан асығыс ұшып кеткен. Әуежайдағы бейнебақылау камералары оның қолының жарақаттанғанын тіркеген», — делінген мақалада.
Александр Донцов төрт ай бойы жұбайынан айырылғаны үшін ай сайын 1200 еуро көлемінде жәрдемақы алып отырған. Ал төлем тоқтаған соң, қызымен бірге Ресейге ұшып кеткен.
«Донцовтардың үйінен сүртілген қан іздері мен Натальяның саусақ іздері қалған, кісі өлтіруге қолданылған болуы мүмкін зат табылды», — деп жазады BAZA.
Сайлыбаевтар отбасының адвокаты оқиғаның болжамды өрбуін баяндады: сол күні Айгүл Донцовтың қыздарына жасырын түрде Ресей азаматтығын рәсімдеп жатқанын білген. Жанжал кезінде күйеуі Айгүлді итеріп жіберген, ол басымен соғылып, есінен танып қалған. Донцов әйелін өлтіріп алдым деп ойлап, анасына хабарласқан.
«Айгүл есін жиған кезде Донцовтарда оны өлтіру жоспары пайда болған. Айгүл қарсылық көрсетіп, қайын енесін жаралаған — Наталья оны пышақтаған. Алайда соңында Айгүлдің басына ауыр затпен соққы жасалып, ол қаза тапқан. Мұның бәрі қыздарының көз алдында болған, ал бала көргенінен кейін бірнеше күн бойы сөйлей алмаған», — делінген мақалада.
Адвокаттың айтуынша, аутопсия хаттамасына сәйкес, Айгүлдің денесін бөлшектеуге әрекет жасалған. Мәйіт бір жарым апта бойы мұздатқыш камерада сақталған. Кейін Александр оны көл маңындағы кәріз құбырына жасыруға тырысқан. 16 маусым күні еріктілер сол жерден Айгүлдің мәйітін тапқан.
«Істегі басты айғақтар — күйеуінің пәтерінде және жертөледе, қайын енесінің көлігінде табылған қан іздері. Сондай-ақ Айгүл мен Наталья Донцованың ДНҚ-сы қалған, кісі өлтіру құралы болуы мүмкін зат анықталды», — деп жазады BAZA.




