Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысында оқушы сыныптастарын балтамен қуалады: жасөспірім сабағына оралды

Атырау облысында оқушы сыныптастарын балтамен қуалады: жасөспірім сабағына оралды
Сурет: видеодан скриншот
Атырау облысында сыныптастарын балтамен қуған оқушы сабаққа оралды.

Атырау облысында сыныптастарына балтамен шабуыл жасап, оларды жаралаған оқушы тергеу изоляторынан үйқамаққа шықты. Ал 9 ақпаннан бастап ол мектепке оралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп қабырғасындағы буллинг, әлімжеттік бойынша аймақтағы бірқатар оқу орнына арнайы комиссия барып, тексеріс жасайтынын мәлімдеді.

10-сынып оқушысы қаңтар айының басынан бастап, мектепішілік есепке алынған. Бірнеше мәрте психологпен сөйлесіп, мектепке ата-анасы да шақырылған екен. Ол қолындағы қаруды қайда жасырып үлгергені белгісіз, полция сол күйі таба алмапты. Ал соңғы 4 жылда мектепті басқарған директор жұмысынан өз еркімен кеткен.

"Мектеп директоры осы шараларды тиісті деңгейде ұйымдастырмауына байланысты аудандық білім бөлімі басшысы арқылы қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылған болатын. Алайда келесі күні директор өз арызы бойынша қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта бала сабаққа қайтадан қатынасуда. Себебі соттың алғашқы отырысы өтті. Және тергеу амалдары аяқталғанға дейін баланы сабаққа қатыстыруға және денсаулық сақтау ұйымдарына баруына мүмкіндік берілді. Қалған уақыттардың барлығында өзінің үйінде үйқамақта болады", - дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар