Қоғам
«Шок жағдайындамын»: Айгұр Тұрсынбаеваның күйеуі боксшының мәлімдемесін жоққа шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:25
- 36
Нұржан Иманалиев белгілі боксшының "басыма тапанша тақады" леген сөзін жоққа шығарды.
Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі, "Нойс" лақап атымен қылмыс әлемінің серкесі ретінде танылған Нұржан Иманалиев өзіне қатысты айтылған айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтің айтқандары шындыққа жанаспайды.
«Айтылған сөздердің бәрі – өтірік. Неге олай жасағанын өзім де түсінбеймін. Шок жағдайындамын. Бұл адамды өмірімде бар болғаны бір рет көргенмін. Ол кезде үйіме қонаққа келіп, бірге ас ішкенбіз. Содан кейін мүлде араласқан емеспіз. Не себепті мұндай мәлімдеме жасағанын мүлде түсінбедім», – деп жауап берді Нұржан Иманалиев.



