Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттілігі тоқтады

Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттілігі тоқтады
Сурет: astanatv.kz
Президент әкімшілігіне ауысқан Елнұр Бейсенбаевтың депутат ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Елнұр Бейсенбаевтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін жалпы отырыста мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды.

Экс-депутат Мәжілістегі әріптестеріне ризашылығын білдіріп, бес жылдық қызметте депутаттардан не үйренгенін айтты.

«Ең әуелі маған маңызды әрі жауапты міндетті жүктеп, үлкен сенім білдірген, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіргім келіп отыр. Сондай-ақ Мәжіліс мінберіндегі бес жылдық қызмет мен үшін саяси мектеп болды, толассыз тәжірибе мен шынайы мемлекетшіл болу, әрі отаншыл болуды осы мінберден үйрендім. Дәл осы залда әрбір саланың майталмандары отыр. Сіздермен тізе қосып, ортақ мақсатқа жету жолында біз біршама салиқалы әрі жемісті жұмыс атқарғанымызға бек сенімдімін. Ең бастысы, бәріміз бірлесіп еліміздің ең басты мұраты Әділетті Қазақстан құру жолында әрқайсымыз аянбай еңбек етіп келе жатырмыз. Мен сіздерден әрбір істе байыпты, байсалды, ең бастысы мемлекеттік позициялдан шешім қабылдауды үйрендім», - деді Бейсенбаев.

Осы аптада ол Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалған еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар