Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда колледждің оқытушысы студенттің басынан атты (ВИДЕО)

Алматыда колледждің оқытушысы студенттің басынан атты (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Алматыда оқытушы студенттің басынан атқан.

Әлеуметтік желілерде Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінен түсірілген видео тарады. Кадрларда педагог студенттің басында ұстап тұрған нысанаға мылтықпен оқ атады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқ атылған сәтте жас жігіт қолымен көзін жауып алады. Кейін ол оқтың нысанаға тимегенін айтады. Видео интернетте қызу талқыға түсті.

Колледж әкімшілігі бұл жағдайдың ресми сабақ аясында болмағанын мәлімдеді.

«Колледж әкімшілігі педагогикалық әдеп пен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде, ұйымдастырушылық шаралар қабылданды», – делінген хабарламада.

Оқу орны педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткенін мәлімдеді. Оның қорытындысы бойынша оқытушының әрекеті педагогикалық әдеп нормалары мен қауіпсіздік техникасы талаптарын өрескел бұзу деп танылды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес онымен еңбек шарты бұзылды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар