Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляция: сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляция: сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Сурет: ашық дереккөздерден
Сот Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарады.

Алматы облыстық сотының апелляция алқасы Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарады. Сот атышулы іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

12 ақпанда апелляция алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін күшінде қалдырды. Осылайша Хасан Қасымбаев бұған дейін тағайындалған жазаны, яғни 12 жыл жазасын өтейді.

Бұл іс бойынша қалған сотталушылардың да үкімі өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, апелляция қарау кезінде сотталушылар сот залына қатыстырылған жоқ. Нариман Кервеновтің айтуынша, қаңтарда Хасан Қасымбаев этаппен Петропавлға жеткізілген.

"Бастапқыда бізге оны Талдықорғанға этаппен апарады деп хабарлаған. Кейін оның Петропавлға жеткізілгенін білдік. Изоляторда да мұндай шешімнің себебін түсіндіре алмады. Қалған сотталғандардың бәрін Талдықорғанға этаптап, олар апелляция шешімін сол жақта күткен, ал Қасымбаев Петропавлға жіберген", - деп атап өтті адвокат.

Айта кетейік, 2026 жылы 13 қаңтарда Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымы түсті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар