Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тұман, көктайғақ»: синоптиктер ауа райына байланысты 16 өңірге ескерту жасады

«Тұман, көктайғақ»: синоптиктер ауа райына байланысты 16 өңірге ескерту жасады
Сурет: prognoz.postimees.ee
Синоптиктер тұрғындарды жолда абай болуға және ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға шақырады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері тұман, көктайғақ, жауын-шашын, жаяу бұрқасын және екпінді желге байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде батыс және оңтүстік аудандарда 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ұлытау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында да тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік және орталық бөлігінде тұман түседі. Ақтауда да күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Қостанай облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігі, батысы және шығысында да тұман түседі.

Түркістан облысында батыс, оңтүстік және орталық бөліктерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарда қар, кей уақытта қатты қар жауады. Бірқатар аумақта тұман мен көктайғақ сақталады. Түркістан қаласында таңертең және күндіз жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі. Шымкентте де кей уақытта жаңбыр, көктайғақ және тұман болжанып отыр.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Өскеменде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Семейде түнде және таңертең тұман болжанған.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Қалада да кей уақытта тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ сақталады. Таразда да тұман мен көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түсіп, кей аудандарда жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда да жел екпінді болады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар жауады. Бірқатар бөлігінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең көктайғақ пен тұман болады. Алматыда да кей уақытта көктайғақ пен тұман болжанып отыр.

Синоптиктер тұрғындарды жолда абай болуға және ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға шақырады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар