Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауына бола ма?: ҚМДБ өкілдері жауап берді

Ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауына бола ма?: ҚМДБ өкілдері жауап берді
Сурет: anatili.kazgazeta.kz
ҚМБД Рамазан айында ауыр жұмыс істейтіндер де ораза ұстай алатынын айтты.

Рамазанда ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауына бола ма деген сұраққа ҚМДБ өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

“Ауыр жұмыс істейтін адам себепсіз ораза ұстамай қалмауына болмайды. Ондай адам Рамазан айының мол сауабынан құр қалып қоймауы үшін еңбек демалысын осы айға сәйкестендіріп, мүмкіндігінше жұмыс уақытын қысқартып немесе одан жеңілдеу жұмысқа ауысқаны абзал", - деді.

Биыл Рамазан айы 19 ақпан – 19 наурыз аралығында өтеді, ұзақтығы — 29 күн. 18 ақпан күні құптан намазынан кейін мешіттерде тарауих намазы оқылады. ҚМДБ шешімімен пітір садақасы 735 теңге болып бекітілді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар