Тарихи жеңіс: Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиадада 32 жыл күткен алтынды алды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:25
- 57
Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров мұз үстінде тарихи жеңіс жасап, ел қоржынына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш алтынды салды. Милан мұз айдынында Қазақстан туы көкке көтеріліп, әнұран шырқалды.
Жарыстың шешуші сәтінде Шайдоров мұз айдынын нағыз өнер сахнасына айналдырды. Италиялық Confessa әні мен «Бесінші элемент» фильміндегі Димаш Құдайбергеннің вокалымен өрілген композиция аясында ол еркін бағдарламасын асқан сеніммен, ерекше шабытпен орындады. Әрбір қимыл нақтылығымен, әр секіру биіктігімен көз сүйсіндірді. Спортшы толқуды толық еңсеріп, 5 төрттік секіру элементін сәтті орындады. Бұл мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең күрделі әрі ұпайлық құны жоғары элементтердің бірі.
Ерлер арасындағы тартысты додада күрделі каскад орындаған Шайдоров еркін бағдарламада 198.64 ұпай жинады. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша оның жиынтық көрсеткіші 291.58 ұпайға жетіп, Олимпиада алтынын айқын басымдықпен еншіледі.
Күміс медальді жапониялық Юма Кагияма 280.06 ұпаймен еншілесе, қола жүлде 274.90 ұпай жинаған Шун Сатоға бұйырды. Жалпы турнирге 24 спортшы қатысты.




