Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Тек осы музыкаға сырғанағым келді”: Михаил Шайдаров Димаштың әнін тыңдауда қысым жасалғанын айтты

“Тек осы музыкаға сырғанағым келді”: Михаил Шайдаров Димаштың әнін тыңдауда қысым жасалғанын айтты
Сурет: sportnaviny.com
Михаил Шайдаров не себепті Димаш Құдайбергеннің әнін таңдағанын айтты.

Қазақстан құрамасына қысқы Олимпиада ойындарының тарихтағы екінші алтын медалін әкелген Михаил Шайдоров Димаш Құдайбергеннің әнін таңдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап.

"Хабар" арнасының тілшісі Михаил Шайдоровтан Димаштың көлік сыйламақ екені жөнінде қаншалықты хабардар екенін сұрады. 

"Иә, мен оны көрдім және Димашқа құттықтаулары мен музыкасы үшін алғысым шексіз. Ол біздің үлкен мақтанышымыз. Мен мұны армандамақ түгілі, елестетіп те көрген емеспін — Димаштың әніне алтын медаль жеңіп аламын деп ойламадым — бірақ дәл осы музыканы қолдану менің үлкен мақсатым болды", - дейді Михаил.

Спортшы Димаштың әніне сырғанау шешімін сынға алғандар болғанын жасырмады. Десе де ол өз таңдауын өзгертпеген екен. 

"Мен бұл әнді шамамен бес-алты жыл бұрын естідім және Милан Олимпиадасына міндетті түрде барып, осы әнге сырғанағым келетінін түсіндім. Маусым бойы музыканың еркін бағдарламаға, әсіресе Олимпиада ойындарына жарамайтыны айтылып, қатты қысым жасалды. Бірақ мен оған назар аудармауға тырыстым. Өйткені мен тек осы музыкаға сырғанағым келді және мен үшін бұл өте маңызды болды", - деп қосты Шайдоров.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар