Елімізде жауын-шашын болып, көктайғақ күтіледі.
Қазгидромет синоптиктері 16, 17 және 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Елімізде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.
" 18 ақпаннан бастап циклонның артынан Хельсинки маңынан жылжитын антициклон әсер ете бастайды. Бұл солтүстік өңірлерде ауа температурасының төмендеуіне және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі", - деп хабарлады синоптиктер.
Қазақстанның солтүстігінде түнде ауа температурасы 18–23 градус аязға дейін төмендейді.
"Оңтүстік өңірлерде, керісінше, күндіз ауа температурасы 15–20 градусқа дейін жылиды. Бұл Қара теңіз маңынан жылжып келе жатқан кезекті циклонның әсеріне байланысты", – делінген хабарламада.



