Атырау облысындағы бір отбасының жоғалуы: күдіктінің анасы ұлының елге оралуын қалайтынын жеткізді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:50
- 41
Атырау облысында із-түзсіз жоғалып, кейін өлі күйінде табылған ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы Гүлнар ұлының өз "жасаған ісі үшін жауап беруін" талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы күдіктінің анасы журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтты. Алайда ол ұлының кінәлі екеніне сенбейтінін жасырмады.
Анасы бұл іске ұлының қатысы бар болуы мүмкін емес екенін айтады. Ол екі айдан бері ұлы байланысқа шықпаған, тіпті бес баласына да хабарласпаған.
“Мен ұлымды білемін. Қаннан қорқады, тіпті қой да соя алмайды. Мұндайға барды дегенге сенбеймін. Біреу ұстап отырғандай көрінеді. Мұнда оның бес баласы бар. Немерелеріме “Аналарың ауырып, емделуге кетті” деп айтып жүрмін. Ұлыма “Қайтып кел, балаларды ойла, кінәң болса мойында” деп жазамын. Оны бәрі іздеп жатыр”, – дейді күдіктінің анасы.
Марқұмдардың туыстары жоғалған Наурыздың жазбаларының мәнеріндегі өзгерісті байқағандарын айтады. Немере ағасы Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, хаттарды екі адам жазғандар әсер қалдырған.
“Жазда қалаға кеткеннен кейін хаттарды қайта оқыдым. Екі түрлі адам жазғандай әсер қалдырды. Тым сауатты, диктант сияқты – үтірлері қойылған, қате жоқ. Біреу оның атынан жазды ма деп күдіктендік. Бірақ арыз бергеннен кейін ол байланысқа шықпады”, – деді ол.
Ол қылмысты бір адам емес, бірнеше адам жасауы мүмкін екенін айтады.
Күдіктінің анасы келіні Ақбаянды ұлы емдету үшін Атырауға апарғанын айтады.
“Қазан айында оған бірінші топтағы мүгедектік берілді. Психиатриялық диагнозы болды. Кейде балаларға қол көтеретін. Ұлыма дәрігерге көрсет деп айттым, ол Атырауға апарды”, – дейді ол.
Марқұмдардың туыстары Ақбаян мен анасының қарым-қатынасы қиын болғанын айтады. Ол анасымен сөйлеспей қойған. Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы ұлы мен Ақбаянның 2022 жылғы 22 қыркүйекте ажырасқанын айтады.
Туыстарының айтуынша, Максот Қарабалиннің шотынан күйеу баласының есепшотына 1 миллион 400 мың теңге аударылған. Күдіктінің анасы бұл туралы білмейтін болып шықты.
Сонымен қатар марқұмдардың қызы Мейрамгүлдің атына 3 миллион теңге несие рәсімделген. Максот Қарабалин қайтыс болғаннан кейін 17 қой мен екі сиыр сатылған, тағы 21 ешкі ақысыз берілген екен.




