Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңа Еңбек министрі Қазақстан халқына ант берді

Жаңа Еңбек министрі Қазақстан халқына ант берді
Сурет: Үкіметтің баспсөз қызметі
Асқарбек Ертаев Үкіметте ант қабылдады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Асқарбек Ертаев Үкіметте ант қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZақпарат агенттігі.

Ант беру кезінде ол толқып, сөз арасында кідіріп, соңында мәтінге қарап оқыды. 

"Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерімді, білімімді жұмсауға және мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді Асқарбек Ертаев.

Асқарбек Ертаев жаңа қызметке қаңтар айының соңында қабылданды.

Ол 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.

2014 жылы - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.

2014-2021 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.

2021-2022 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

2022-2023 жж. - ҚР премьер-министрі кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023-2024 жж. - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы.

2024-2025 жж. - Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2025-2026 жж. - Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

2026 жылғы 27 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар