Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Халатымды ашып, кеудемнен ұстады»: Алматылық ару InDrive курьерінің өзіне тиіскенін айтты

«Халатымды ашып, кеудемнен ұстады»: Алматылық ару InDrive курьерінің өзіне тиіскенін айтты
Сурет: видеодан скриншот
ІnDrive-де курьер қызметінде жұмыс істейтін ер адам ғашықтар күнінде алматылық арудың кеудесінен ұстап алған.

Алматы тұрғыны гүл жеткізу қызметінің курьерін өзіне сексуалдық сипаттағы әрекет жасағанын айтты. Сөзінше, курьер қыздың өз пәтерінде кеудесін ұстаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 14 ақпанда болған. Дарьяның айтуынша, курьер жеткізу уақытын алдын ала келісіп алған. Кешкі сағат 20:40 шамасында есік қоңырауы соғылғанда, бойжеткен жігітінен келген гүл шоғын алу үшін есікті ашқан.

«Есікті ашсам, букет өте үлкен екен – шарлармен бірге себет. Егер кішкентай болса, ешқашан үйге кіргізбес едім. Гүлдерді бұрышқа қойып кетуін өтіндім, себебі өзім көтере алмайтын едім. Ол ішке бір қадам жасап, гүлді қойды. Үстімде кең халат болған. Сол сәтте ол халатымды ашып, кеудемнен ұстады», – дейді Дарья.

Қыздың айтуынша, ол қатты шок алған. Қолдары дірілдеп, не айтарын білмей қалыпты.

Ол курьерді бірден пәтерінен қуып шыққанын, есікті зорға жапқанын айтады. Сол кезде қатты күйзеліске түскен.

Артынша курьерге полицияға арыз жазатынын айтқанда ол «сенің қолыңнан ештеңе келмейді» деп дөрекі сөйлеген. Қыздың сөзінше, ер адам шамамен 40-45 жаста.

Дарья бірден полиция шақырып, арыз жазған. Оның сөзінше, курьердің InDrive сервисінде жұмыс істейтіні анықталған.

«Оның жеке басын ұзақ уақыт анықтай алмады. Кейін оның InDrive курьері екені белгілі болды, әрі көлігі сақтандыру тізіміне енгізілмеген. 16 ақпанда бізді тергеушіге шақырды. Ол бәрін жоққа шығарды, бірақ өзінің қолдары дірілдеп отырды», – деді бойжеткен.

Оның айтуынша, істі бастапқыда «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша сараламақ болған, алайда ол курьердің әрекеті жыныстық сипатта болғанын және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі тиіс екенін талап етіп отыр. Ол болған жайтты жыныстық зорлық-зомбылық жасауға әрекет деп санайды.

Алматы қалалық полиция департаментінде бұл факт бойынша іс басталғанын хабарлады. Алайда қылмыстық емес, әкімшілік іс жүргізу туралы айтылды.

«Азаматшаның курьер тарапынан жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы өтініші бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында әкімшілік іс қозғалды. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Тараптардың түсініктемелері тексерілуде, оқиғаның барлық мән-жайы зерделеніп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Құқық қорғау органдары материалдардың сотқа жолданғанын қосты.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар