Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жұмыс істеудің орнына шай-кофе ішіп отырады»: "Бәйтеректің» басшысы Президенттің сынына жауап беріп, қызметкерлерінің жұмысы көп екенін айтты

«Жұмыс істеудің орнына шай-кофе ішіп отырады»: "Бәйтеректің» басшысы Президенттің сынына жауап беріп, қызметкерлерінің жұмысы көп екенін айтты
Сурет: primeminister.kz
"Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Мемлекет басшысының айтқан сынына қатысты жауап берді.

"Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Мемлекет басшысының ұлттық компаниялардағы кейбір қызметкерлердің жеткілікті деңгейде жұмысқа жүктелмейтіні, жұмыс орнына шай-кофе ішіп, пікір таластырып отыратыны туралы жақында айтқан сынына жауап берді, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Айта кетсек, 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір ұлттық компаниялардың жұмысына сын айтқан болатын.

"Самұрық-Қазына" қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болды. Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей "Сол жағалаудың" адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды.", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Үкіметтегі брифингте журналистер Рустам Қарағойшинге Мемлекет басшысының айтқан сынына қатысты сұрады. Ол қызметкерлердің кофе, шай ішіп отырғанын көрмегенін жеткізді.

"Бәйтеректегі" біздің қызметкерлер үнемі жұмыста, кейде тіпті артық жұмыс істеп жатады. Бұл да олардың мойнына қосымша салмақ түсіреді. Мен қызметкерлеріміздің бір жерде кофе ішіп, әлдебір талқылаулар жүргізіп отырғанын көрмедім. Сондықтан мұндай жағдайды байқамадым", - деді Қарағойшин.

Сондай-ақ, төраға өзі де кеңседе отыратынын айтты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар