Картоп қымбаттамайды, бағасы 200 теңге болады – АШМ
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:00
- 40
Көктемде картоп бағасы көтерілмейді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі бұған дейінгі айтылған түрлі болжамды жоққа шығарып, көкөніс құны 200 теңгеден аспайды деп сендіріп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
«Қалыпты картоп, өткен жылғы өнім, яғни өткен жылдың картобы, 500–600 теңге шамасында болмайды. Менің ойымша, бағасы шамамен 200 теңге болады. Өсімдік шаруашылығына жауапты вице-министр ретінде менің пікірімше, жағдай осылай өрбитіні анық», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Вице-министр көктемде кейбір көкөністі басқа елдерден әкелу жоспарланып отырғанын хабарлады. Ал бағаның жасанды түрде өсуіне жол бермеу үшін шетелдік жеткізушілермен келісімшарттар жасалып жатыр екен. Сиыр етінің экспортқа шығарылуы ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беретіні де айтылды. Жауапты ведомство азық-түлік бағасының шарықтап кетпеуін осылай қамтамасыз етпек.



