Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Күтпедік»: Мархаба Сәби жүкті екенін көрсетті

«Күтпедік»: Мархаба Сәби жүкті екенін көрсетті
Сурет: жеке парақшасынан
Мархаба Сәби жақында ана атанады.

Танымал әнші Мархаба Сәби болашақ тағы да ана атанбақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

“Өнердің құдіреті-ай, қарным шартиып жүрсе де ән шығаруды тоқтата алмай жатырмын”, – деп жазды ол.

Әнші ішін ашып түскен суреттерін жариялап және “Мама, болма алаң” атты туындысын таныстырды. 

Желі қолданушылары әншіні құттықтап жылы лебіздерін білдірді.

Алайда Мархаба Сәбидің бұл суреттеріне сын білдірген оқырмандары да бар.

«Мыналарға не болған өзі?»,  “Ерсі қылықты неге жасайсыздар? Қазаққа тән емес”, “Дәл осындай форматты Мархаба Сәби жасайды деп ойламаппын. Күтпедік”, “ Мынауыңыз қазақылыққа жат нәрсе боп тұрғаны” деп жазды олар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар