Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы терезеден құлап кетті

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы терезеден құлап кетті
Сурет: zakon.kz
Петропавлдада Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын оқушы терезеден құлап түскен.

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы бөлімінде оқушы үшінші қабаттағы терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, қазір оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр. 

“17 ақпанда мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлап, жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр”, – деп мәлімдеді Назарбаев зияткерлік мектебі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алған оқушы көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазір оқушы жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, есін біледі. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар