Семей әуежайына авиаотын бағасын қымбаттатқаны үшін 8,8 млн теңге айыппұл салынды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:20
- 39
Семей әуежайы монополияға қарсы тергеуден кейін ірі айыппұл арқалады. Сот кәсіпорынды авиаотын құнын негізсіз көтерді деп таныды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тергеп-тексеру барысында кәсіпорынның бөлшек саудада авиаотынға монополиялық жоғары бағаны белгілеу және ұстап тұру арқылы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды. Бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасында көзделген бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жатады.
«Семей қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ЖШС кінәлі деп танылып, 8,8 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ монополистік қызмет нәтижесінде алынған 8,5 млн теңге көлеміндегі монополиялық кіріс тәркіленді. Қаулыға шағым жасалғанымен, Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулыны өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды», - делінген ведомство хабарламасында..
Қазіргі уақытта сот қаулысы заңды күшіне енді.
“Авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде негізделген баға белгілеу арқылы монополиялық жоғары бағаны орнату мен ұстап тұруды тоқтату жөнінде нұсқама берілді”, – деп атап өтті департамент.



