Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда демалыс күні пайда болмақ: Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция күнін атады

Қазақстанда демалыс күні пайда болмақ: Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция күнін атады
Сурет: sputnik.kz
Елімізде жаңа демалыс күні пайда болуы мүмкін.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің Жоғарғы палатасының кулуарында журналистерге Қазақстанда жаңа Конституция күні қай датаға белгіленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, алдағы референдум өтетін күн 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленуі мүмкін.

"Білуімше, "қабылданған күн" деп көрсетілген. Қабылданған күн мен күшіне енген күн - екі бөлек нәрсе. Сондықтан, өтпелі ережелер жобасына қарасақ, әңгіме Конституцияның қабылданған күні туралы болып отыр. Қабылданған күн - 15 наурыз", - деді ол журналистер сұрағына жауап беріп.

Сенат спикері түпкілікті шешім референдум қорытындысына байланысты болатынын атап өтті.

"Адамдар дұрыс деп санайтын таңдауын жасауға құқылы, ешкім шектемейді. Сондықтан да азаматтарымыздың пікірін білу үшін референдум жарияланады. Азаматтар қалай шешсе, соған сәйкес тиісті шешім қабылданады. Егер қолдаса, бізде жаңа Конституция болады және Конституция күні 15 наурыз болады", - деді Мәулен Әшімбаев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар