Қоғам
"Дәл жанына көшіп барған": Ақмола облысында әйелді бұрынғы күйеуі аңдыған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:22
- 39
Ер адам 38 жастағы бұрынғы әйелінің қасына көшіп барып, оны аңдып келген.
Ақмола облысы Сандықтау ауданында 38 жастағы әйелді бұрынғы күйеуі аңдып келген. Ер адам ол тұратын үйдің жанынан пәтер сатып алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әйел адам 18 ақпан күні полицияға арызданған.
«Әйелдің айтуынша, олар 2025 жылдың мамырында ресми түрде ажырасқан. Бірақ, экс-күйеуі бұл шешімге көнгісі келмей, келіншекке бір жыл уақыт бойы маза бермеген. Оған бейәдеп сөздер жазып, баланы да алып аламын деп қорқытқан. Оның үстіне, ол бұрынғы әйелі тұратын үйдің жанынан үй сатып алып, оны күнде кешке аңдып отырған», - деп хабарлайды полиция.
Қазір ер адамның үстінен сталкинг бабы бойынша іс қозғалған.



