Денсаулық
Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке кіргізілмейді – Бас санитар
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:45
- 24
Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар мектеп пен балабақшаға уақытша кіре алмайтын болды.
Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке бара алмайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланған.
Сайтта жарияланғандай, бұл қызылшаның таралуын тоқтату үшін шұғыл қабылданып отырған шаралар. Шектеу шараларының арасында карантин, ауруханаға екпе алмаған балаларды жатқызбау сияқты талаптардан бөлек, мектеп пен балабақшаға қатысты шара бар.
«Қазақстанда қызылша жағдайларын тіркеу кезінде екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға және мектептерге баруын уақытша шеттетуді», - деп жазылған Қаулыда.
Қаулы, кеше 19 ақпан күні жарияланған және сол күннен бастап күшіне енген.




