Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанай облысында әйелі мен ұлын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Қостанай облысында әйелі мен ұлын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
Сурет: Tengrinews.kz
Қостанай облысында ер адам қызғаныштан әйелін және ұлын пышақтап тастаған.

Қызғаныштан әйелін өлтірген қазақстандық өмір бойына сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

51 жастағы ер адам әйелі мен 16-дағы ұлын өлтірген. Жақындарының мәйітін сол үйдің қызы көріп, көршілерін шақырған.

Қайғылы оқиға 2025 жылы Қостанай облысы Аманқарағай ауылында болды. Ерлі-зайыптылар ажырасу процесінде болған. Ер адам отбасын сақтап қалғысы келген. Tobolinfo баспасының жазуынша, ерлі-зайыптылар арасында ажырасу туралы сөз 14-15 жылда бірінші рет көтерілген. Алайда олар қайта бас қосып, бірге тұрып келе жатқан. Бірақ 2025 жылдың жаз айында бұл мәселе қайта көтерілген.

Айыпталушы ас үйден пышақ алып, әйелін тамақ жасауға және соңғы рет ажырасу туралы сөйлесуге шақырмақшы болған. Ұлының бөлмесінен өткен ол ұйқыдан оятып алған. Сол уақытта олардың арасында ұрыс шығып, арты төбелеске ұласқан. Айтуынша, ашуға берілген ол ұлына пышақ жарақатын салған. Содан кейін әйеліне сұғып алған. Қанды көрген ол басқа бөлмеге қашып кеткен. Кейін ауыр жарақат салғанын байқаған.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындап, бірақ ұлы мен әйелін қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін жеткізді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар