Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Рамазан – 2026: ауызашарда тамақтан уланған жағдайда не істеу керек?

Рамазан – 2026: ауызашарда тамақтан уланған жағдайда не істеу керек?
Сурет: trend.az
Мамандар Ораза кезінде тамақтан уланбас үшін тазалық сақтауды ұсынды.

Ауызашарда тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарға кеңес берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, ауызашар өткізу кезінде қауіпсіздікті сақтау өте маңызды.

  • Жеке гигиенаны сақтау: тамақ дайындамас бұрын және тамақ ішкенде қолды сабынмен мұқият жуыңыз; таза ыдыс-аяқ пен ас құралдарын пайдаланыңыз; ЖРВИ, іш қату диагноздары бар адамдар тамақ дайындамағаны жөн.
  • Азық-түлік қауіпсіздігі: өнімдерді тек ресми сауда нүктелерінен сатып алыңыз; тұтыну мерзімін, қалай сақталғанын тексеріңіз; өнімдерді тоңазытқышта +2 +6 °C температурада сақтаңыз; шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз.
  • Ас дайындау ережелерін сақтау: ет, құс еті, балық, жұмыртқаны жеткілікті термиялық өңдеуден өткізіңіз; дайын тағамдарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз; үлкен көлемде тағам дайындағанда мұқият болыңыз.
  • Сапалы суды пайдалану: қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз.
  • Көпшілікке ауызашар ұйымдастыру (үйде немесе қоғамдық жерде): тоңазытқыш жеткілікті болуын қамтамасыз етіңіз; қоғамдық тамақтану нысандарында ауызашар өткізсеңіз, тек тексерілген жерлерде жасаңыз.

"Улану белгілері байқалса (құсу, диарея, іш ауруы, температура көтерілуі), дереу медициналық көмекке жүгініңіз", - деп ескертті мамандар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар