Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық студенттер сабаннан жасаған тиіннің мүсінін 230 мың теңгеге сатуға дайын

Қазақстандық студенттер сабаннан жасаған тиіннің мүсінін 230 мың теңгеге сатуға дайын
ашық дереккөз
Студенттер бес метрлік тиінді небәрі бір тәуліктің ішінде жасаған
«Мұның алдында біз жаңа машинаны сынақтан өткізу үшін  шөп шапқан едік. Бізде шөп молынан жиналды. Студенттер өз тиіндерін жасауды ұсынды»,-дейді Ринат Фазылбеков. Бес метрлік алып тиінді аграрлық жоғарғы оқу орнының студенттері жасаған. Олар "Қаскелең" агропаркімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондай-ақ, агропарк маманының айтуынша, бұл- еліміздегі ғылыммен байланысты нөмері бірінші жоба. «Агропарктің барлық қонағын мәдени дақылдарды өсіру, яғни осы салада қалай табысқа қол жеткізу жолдарымен таныстырамыз. Ғылым мен бизнесті, ғылым мен өндірісті қалай біріктіру керек екендігі жайлы айтамыз. Студентеріміздің ғылыми жобаларын аграрлық салада, өзге де технологиялық секторларда қалай қолданып жатқандығын көрсеткіміз келеді»,-дейді Қаскелең агропаркінің маманы. Естеріңізге салай кетейік, бұған дейін Алматы қаласында құны 23 млн теңге  тұратын алып тиіннің мүсіні орнатылған болатын. Және де ол әлеуметтік желіде қызу әңгіме туғызған еді. Ал қазір, алматылық студенттер сабан  мен ағаш тақтайшаларынан бес метрлік тиін жасап отыр.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар