Басты жаңалықтар
Оралда құтқарушылар суға батып бара жатқан баланы аман алып қалды.
- автор kyn.kz
- 18 шілде, 2018
- 321
Саябақта кезекшілікте жүрген құтқарушылар баланың қайықтан құлағанын көріп, тез арада көмекке келді.
Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Аягөз Қожанбаеваның айтуынша, оқиға 17 шілде күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.
Саябақтағы құтқару бекетінде кезекшілікте жүрген бас құтқарушы Алексей Алексеев пен Есболат Қоныспаев жаттығу кезінде байдаркадан аударылып қалған он жасар баланы құтқарды. Баланың қайыққа қайта міне алмай жатқанын көрген құтқарушылар тез жетіп, оны шығарып алды.
Құтқарушылар шошып қалған баланы жаға жеткізіп, қайықпен жүзген кезде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін айтты.
Келесі мақала