Мәдениет
“Сұхбатқа шақырып сөз көбейтпей”: Ерболат Құдайберген желіде видео жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:04
- 1
Ерболат Құдайберген тыңдармандарына жаңа әнін ұсынды.
Жақында ғана полиция қызметкерлері ұстап, наркологиялық бөлімге жеткізгені туралы видеосы тараған әнші Ерболат Құдайберген жаңа әнін шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.
“Сұхбатқа шақырып сөз көбейтпей, жауапты өлеңіммен қабыл алыңыздар. Ақ көңілді, шынайы уайымдаған тыңдармандарыма алғысым шексіз. “Ләтір-ләй” хейтерлер мен көз жеткізбестен менің атыммен видеоны шығарып отырған парақшалардың иелеріне арнаймын”, – деп жазды ол.



