Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңа Конституция: бюллетеннің үлгісі жарияланды

Жаңа Конституция: бюллетеннің үлгісі жарияланды
Сурет: gov.kz
Конституция бойынша референдумда дауыс берушілер толтыруы тиіс бюллетень қандай болатыны көрсетілді.

Орталық сайлау комиссиясы 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берушілер толтыруы тиіс бюллетень қандай болатынын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бюллетень қағазында "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ болады.

Ол жерде екі жауап нұсқасы ұсынылады:

  • Иә, қабылдаймын;
  • Жоқ, қабылдамаймын.

Дауыс берушілер өздері таңдаған жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды. Сұрақ та, жауап нұсқалары да қазақ және орыс тілдерінде жазылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар