Қоғам
«–40 градус аяз болады»: алдағы күндері елімізде күн суытады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:37
- 20
24-26 ақпан аралығында күн суық болады.
Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады. Қазгидромет 24-26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздік басым бөлігінде ауа райы бұзылады.
“Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы төмендейді. Тек оңтүстік өңірлерде нөсер жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады”, – делінген хабарламада.
- Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15–25 градус аяз болады;
- Солтүстік және орталық өңірлерде 28–37 градусқа дейін төмендейді;
- Шығыста 32–40 градус аяз болады;
- Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0–10 градус аяз шамасында болады.




