Үш жасар қыз ойнап жүріп бір көзіне қайшы тығып алған.
Павлодарда үш жасар қыз өз көзіне өзі қайшы сұғып алған. Ол ойнап жүрген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Pavon.kz сайтының мәліметінше, дәрігерлер балаға шұғыл түрде операция жасап, көз жанарын аман алып қалған.
«Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері айтқандай, баланың жарақаты өте ауыр болған. Қайшы көзінің мөлдір қабағын жаралап, ішкі органдарын жаралап кеткен. Сондықтан, бір минутты да жоғалтуға болмайтын еді», - дейді дәрігерлер.
Баланың ата-анасы ауыр жарақатты байқамаған. Бірақ, бүлдіршіннің көзі жасауырап, ісіп кеткен.
Қазір қыз ауруханадан үйіне шыққан. Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасап, үйде балалардың қолына қауіпті бұйымдар бермеу керек екенін ескертті.




