Атырауда екі трансвестит өздерінде ВИЧ барын біле тұра интимдік қызмет көрсеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:39
- 50
Атырауда өздерінде АИТВ бар екенін біле тұра ақылы интимдік қызмет көрсеткен деген күдікпен екі азамат ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Атырау облысы ПД мәліметінше, 23 және 28 жастағы екі адам ұсталған. Олар 2025 жылы желтоқсаннан бастап өздерінде АИТВ инфекциясы бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интим қызмет көрсетуін жалғастырған.
Полиция олардың әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғап, жәбірленушілерді анықтап жатыр.
Жедел іс-шараларды Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жайтқа қатысты өзінде ауру бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру - ауыр қылмыс", - деді полиция.
Қазақстанның заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.




