Шайдоровқа 250 мың доллар беру орнына, сол ақшаны спорт түрлерін дамытуға жұмсауға болады – спорт журналисі
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:30
- 26
Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан алтын жүлдеге ие болған Михаил Шайдоровқа жеңісі үшін мемлекет 250 мың доллорлық сыйақы тағайындаған. Бұған қатысты спорт журналисі Дидар Қадыров пікір білдірді, деп KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спорт журналисінің айтуынша, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа бөлінген 250 мың долларлық жүлде ақшасын спортты дамытуға жұмсау керек. Бұл туралы Sreda YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
“Олимпиада чемпионына 125 миллион беру орнына, сол ақшаның бір бөлігін кейбір спорт түрлерін дамытуға жұмсауға болады. Шайдоровта қаражат бар, оған қосымша ақша қажет емес. Оның үйінің алдына асфальт төсеп қойсаң, жас спортшыларға көмек көрсетсең болады. Мен тек қарапайым нәрселерді сұрап отырмын. Бірақ Қазақстанда оларды орындау қиын. Тіпті Шайдоровтың әкесі де соңғы уақытта оларға ақша жетпегенін айтады. Сондықтан бұл жетістік жүйенің емес, Михаилдың және сол сәтте бірге болған адамдардың жеке еңбегінің жемісі”, – деді Дидар Қадыров
Ұқсас жаңалықтар
Белгілі кәсіпкер Олимпиада чемпионы Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
- авторkyn.kz
- Бүгін, 15:25



