Басты жаңалықтар
Қазақстандық оқушылардың көктемгі каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:45
- 27
Биыл оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады.
Қазақстанда оқушылар көктемгі каникулға шығады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Биыл көктемгі демалыс 11 күнге, яғни 19 наурыздан 29 наурызға дейін созылады.
18 наурыз - соңғы оқу күні. Ал 30 наурызда оқушылар мектепке қайта оралып, төртінші тоқсанды бастайды.
Елімізд бойынша оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, төртінші тоқсан шамамен 8 апта болады. Ол 2026 жылғы 25 мамырда аяқталып, одан кейін жазғы демалыс басталады.



