Астанада каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі
Астана әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында жазғы каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігі, қайғылы жағдайлардың алдын алу және мектеп оқушыларының демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.






