Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Burger King Kazakhstan төңірегіндегі дау: полиция ұлтаралық алауыздық белгілерін таппады

Burger King Kazakhstan төңірегіндегі дау: полиция ұлтаралық алауыздық белгілерін таппады
Әлеуметтік желі
Burger King Kazakhstan төңірегіндегі дау: полиция ұлтаралық алауыздық белгілерін таппады,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Burger King Kazakhstan компаниясының бұрынғы аймақтық басшысы Сергей мен оның жұбайы жұмыс орнында Қазақстан мен қазақтарға қатысты қорлайтын мем жапсырды деген ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тараған еді. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, қазақстандықтардың наразылығын туғызды.

Аталған жайтқа байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті тексеру жүргізді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде ұлтаралық алауыздық белгілері анықталмаған. Құқық қорғау органдары бұл жағдайды еңбек қатынастарына байланысты дау ретінде бағалаған.

«Тексеру нәтижесінде ұлтаралық алауыздық белгілері анықталмады. Бұл еңбек қатынасындағы жағдайлар болып саналады. Сондықтан Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шағымданушыларға еңбек құқықтары бұзылған жағдайда тұрғылықты жерінен өтініш беру тәртібі мен мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді», – деп хабарлады ІІМ.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар