Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Көкшетауда екі оқушы олимпиададан алған қаражатын мұқтаж жандарға берді

Көкшетауда екі оқушы олимпиададан алған қаражатын мұқтаж жандарға берді
Әлеуметтік желі
Көкшетауда екі оқушы олимпиададан алған қаражатын мұқтаж жандарға берді,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Көкшетаулық оқушы Азамат Аманжолов білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетіп, 35 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды. Бұл – оның табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының қолдауының нақты жемісі.

Ал оның досы Данияр Байбусинов біраз уақыттан бері өз қаражатын жинап жүрген. Жасөспірімдер бұл қаржыны жеке қажеттіліктеріне жұмсай алар еді. Алайда олар өзгеше шешім қабылдады.

Ақылдаса келе, Азамат пен Данияр жиналған қаражатқа азық-түлік сатып алып, ерекше мұқтаж отбасыларға табыстады.

Оқушылардың айтуынша, бұл әрекет – саналы таңдау және шынайы ниеттен туған қадам. Жасөспірімдердің жанашырлығы ұстаздар мен ата-аналардың, қала тұрғындарының құрметіне бөленді.

Осындай мақсатшыл әрі жүрегі кең жастар – елдің ертеңі екені анық.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар