Қазақстан экспортының жартысы – мұнай: 2025 жылғы көрсеткіш қандай?
- автор kyn.kz
- Бүгін, 09:24
- 41
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы дерегінше, 2025 жылы Қазақстан шетелге құны 39,916 млрд доллар болатын мұнай мен мұнай өнімдерін (ЕЭҚ ТН ВЭД 2709) экспорттаған.
Бұл көрсеткіш елдің жалпы экспорттық түсімінің 50,5%-ын құрайды. Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан барлығы 79,041 млрд доллар көлемінде түрлі тауар экспорттаған.
Бұған дейін LogiStan мәліметінше, өткен жылы шетелге 76 млн тонна мұнай жеткізілген. Экспорттың негізгі бағыттары:
🇮🇹 Италия — 28,9 млн тонна (–5,9%)
🇳🇱 Нидерланды — 10,6 млн тонна (+37,6%)
🇫🇷 Франция — 5,6 млн тонна (+5,6%)
🇷🇴 Румыния — 5,3 млн тонна (+17,8%)
Сарапшылардың айтуынша, мұнайға тәуелділік жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұл сыртқы нарықтағы баға конъюнктурасына және геосаяси факторларға тәуелділікті күшейтеді.
Экспорт құрылымын әртараптандыру мәселесі алдағы жылдары да күн тәртібінен түспек емес.



