Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктерге басымдық»: ҚТЖ алдағы референдумның маңызын түсіндірді

«Тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктерге басымдық»: ҚТЖ алдағы референдумның маңызын түсіндірді
Әлеуметтік желі
ҚТЖ алдағы референдумның маңызын түсіндірді,-деп хабарлайды KYN.KZ.

 

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының орталық аппаратында алдағы республикалық референдумға қатысты кездесу өтті. Жиынға компания басшылығы, еңбек ұжымы, сондай-ақ Жалпыұлттық коалиция өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жаңартылған Конституцияның мазмұнын түсіндіру және 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызын талқылау.

Компанияның Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов референдум елдің даму бағытын айқындайтын маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, конституциялық өзгерістер тұрақтылықты нығайтып, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге бағытталған.

Жиында ұсынылып отырған түзетулердің саяси жаңғыруға, әділетті әрі прогрессивті қоғам қалыптастыруға ықпалы сөз болды. Қатысушылар азаматтардың саналы түрде қатысуының маңызын атап өтті.

Кездесу барысында теміржол саласы қызметкерлеріне реформа аясындағы өзгерістердің әлеуметтік қорғау мен құқықтық жүйеге әсері жан-жақты түсіндірілді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар