Қоғам
Қазақстанда сотталғандарға смартфон қолдануға рұқсат беріледі
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:25
- 52
ІІМ қоныс колонияларындағы сотталғандарға ұялы телефон ұстауға рұқсат бермек.
Ішкі істер министрлігі жабық мекемелерде жазасын өтеп жүрген азаматтардың бірқатарына смартфон қолдануға рұқсат беру туралы бұйрық жобасын ашық талқылауға шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ІІМ бұйрығының жобасы 24 ақпанда Ашық НҚА порталында жарияланды. Құжат қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртібіне арналған.
Атап айтқанда, қауіпсіздігі мейлінше төмен мекемелерде жазасын өтеп жүргендер кездесу, қалаға шығу туралы өтініштерді терминал арқылы өткізе алады.
Қағидаларға әртүрлі негіздер бойынша өзгерістер көзделген. Соның ішінде:
- мінез-құлқының үшінші оң дәрежесі бар сотталғандар үшін «тыныштық сағатын» енгізу;
- сотталғандарға мекемеден тыс жерде смартфондарды пайдалануға рұқсат беру (жазасын өтеу шарттарын жақсарту);
- қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріндегі сотталғандардың кездесулер және қалаға шығу туралы өтініштерді терминалдар арқылы айту.
Министр бұйрығы порталда 13 наурызға дейін талқыланады.
Келесі мақала




