Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сабақтан тыс уақытта мұғалім оқушының өміріне жауап бермейді: жаңа заң әзірленіп жатыр

Сабақтан тыс уақытта мұғалім оқушының өміріне жауап бермейді: жаңа заң әзірленіп жатыр
Сурет: ru.hrodna.life
Мәжіліс депутаттары педагогтерге қатысты жаңа заң жобасын әзірледі.

Мәжіліс депутаттары мұғалімдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобаларын дайындады. Оның ішінде мектептен тыс уақытта мұғалім балаға жауап беруге құқылы емес екені көрсетіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құжатта мұғалімдердің жауапкершілік шегін нақтылау, артық жүктемені азайту, қосарланған есептілікті жою және педагогтің құқығын бұзғандарға қатысты санкцияларды күшейту көзделген.

«Біріншіден, педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін тек оқу процесі барысында айқындау көзделіп отыр. Яғни сабақтан тыс, кешкі уақытта, каникулда жауапкершілік ата-аналардың міндетінде болуы тиіс. Бұл бағытта президенттің тамыз кеңесінде берген тапсырмасы да бар. Екіншіден, педагогтерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараларға тартуға жол бермеу. Үшіншіден, есептілікті бір мезгілде екі форматта – қағаз және электронды түрде жүргізуге тыйым салу. Есеп беру тек бір форматта жүргізілуі тиіс. Төртіншіден, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске педагогтің құқықтарын бұзғаны үшін санкцияларды күшейту», - деді Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов жалпы отырыста.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарап, тиісті қорытынды әзірлейді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар