Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушыға азғындық жасады деген күдікпен ұсталды

Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушыға азғындық жасады деген күдікпен ұсталды
Pixabay.com
Шымкент қаласында ер мұғалім 7 жасар оқушыға азғындық жасады деген күдікпен ұсталды,-деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі.

Шымкентте 36 жастағы мұғалім 7 жасар оқушы қызға азғындық әрекет жасады деп күдікке ілінді. Оқиға 25 ақпан күні мектепте болған.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, қыз үйге келгенде денесінің төменгі бөлігі ауырғанын айтып, мұғалімнің әрекетін ашқан. Бүлдіршін мұғалімнің өз бел тұсына таққанын және аузына белгісіз зат тигенін жеткізген.

Мектеп басшылығы бастапқыда бейнебақылау жазбаларын көрсетуге келіспеген. Кейін полиция қатысуымен жазбалар қаралып, әрекет расталған.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу арнайы бақылауға алынған. Сонымен қатар, сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар