Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне алғаш рет төрағалық етеді

Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне алғаш рет төрағалық етеді
Ашық дереккөз
АҚШ президентінің жұбайы Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне алғаш рет төрағалық етеді,-деп жазады Kyn.kz.

1 наурыздан бастап АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ротациялық төрағалығын қабылдады. Ал 2 наурызда кеңестің отырысын алғаш рет АҚШ президентінің жұбайы Мелания Трамп басқарады. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц X әлеуметтік желісінде хабарлады.

БҰҰ мәліметі бойынша, бұл — қызметтегі мемлекет басшысының жұбайы Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ететін тұңғыш жағдай. Әдетте мұндай отырыстарды сол елдің елшісі немесе жоғары лауазымды өкілі жүргізеді.

Британдық The Guardian басылымы АҚШ тарихында бірінші ханымдардың халықаралық қызметке белсенді қатысқан мысалдарын еске салды: Элеонора Рузвельт Адам құқықтары декларациясын әзірлеуге ат салысқан.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар