Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда қайын жұртын жайратып кеткен күйеу бала туралы тың дерек шықты

Атырауда қайын жұртын жайратып кеткен күйеу бала туралы тың дерек шықты
Фото: әлеуметтік желі
Индонезияда қолға түскен Қазақстан азаматы Сұлтан Сәрсемәлиевтен тәркіленген заттарға қатысты қосымша мәлімет белгілі болды. Kznews.kz дерегінше, жергілікті полиция күдіктіден шетелдік паспорт, бірнеше ұялы телефон, жеке куәліктер, халықаралық банк карталары және басқа да жеке құжаттар алынғанын хабарлаған.

Дегенмен, индонезиялық ашық дереккөздерде нақты қандай жеке куәліктер табылғаны және олардың кімдердің атына тіркелгені туралы ақпарат көрсетілмеген. Ресми мәліметте әзірге тек құжаттардың жалпы тізімі берілген, ал олардың иелеріне қатысты нақтылау жоқ.

Сонымен қатар, полиция күдіктімен бірге болған 30 жастағы, MA инициалды қазақстандық әйелдің де ұсталғанын мәлімдеді. Оның бұл іске қатысы бар-жоғы және құқықтық мәртебесі қазір тексеріліп жатыр.

Сұлтан Сәрсемәлиев Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында қолға түскен. Полицияның мәліметінше, ол Интерполдың қызыл хабарламасы бойынша іздеуде болған. Қазіргі уақытта ол Солтүстік Ломбок полиция бөлімінде қамауда отыр. Іс алдағы уақытта экстрадиция рәсімі арқылы қаралуы мүмкін.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар