БАӘ Ирандағы елшісі мен дипломаттарын кері қайтаратынын мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:03
- 46
Біріккен Араб Әмірліктері Тегерандағы елшілігінің жұмысын тоқтатып, Иран Ислам Республикасындағы елшісі мен барлық дипломатиялық миссия мүшелерін кері қайтарып алатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Бұл шешім Иранның БАӘ аумағына жасаған жойқын зымыран соққыларына жауап ретінде қабылданып отыр. Тұрғын үйлерді, әуежайларды, порттарды және қызмет көрсету нысандарын қоса алғанда, азаматтық нысандарға жасалған шабуылдар жазықсыз бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Бұл әрекеттер жағдайды ушықтыратын жауапсыз қадам, ұлттық егемендікті өрескел бұзу, сондай-ақ халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына қайшы әрекет”, - делінген мәлімдемеде.
Сыртқы істер министрлігі бұл шешім БАӘ-нің өз қауіпсіздігі мен егемендігіне қауіп төндіретін кез келген агрессияға қатысты берік әрі айнымас ұстанымы екенін мәлімдеді.
Әмірліктер билігі Иранның «арандатушылық мінез-құлқы» аймақтағы тұрақтылықты қалпына келтіру күштеріне кедергі келтіріп отырғанын айтты. Бұл ісімен ол Таяу Шығысты қауіпті бағытқа итермелеп отырғанын ескертті.




