Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада пәтер алаяқтығына қатысты сұмдық дерек: құрылысшылар бір пәтерді екі реттен сатқан

Астанада пәтер алаяқтығына қатысты сұмдық дерек: құрылысшылар бір пәтерді екі реттен сатқан
Фото: freepik.com
Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері «Qyran» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сатып, азаматтарды тақырға отырғызды.

Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері «Qyran» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сатып, азаматтарды тақырға отырғызды.

Қызметкерлер «International Invest Company IIC» ЖШС-нің атынан пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Күдіктілер сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын қолданған. Жәбірленушілер алаяқтарға алданып қомақты қаражаттыран айырылған. Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекетінен шығын 8 млрд теңгеден асқан. 

Үш күдікті қамауға алынып, тағы бірі «кепіл» қолдану арқылы босатылған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар