Ақтөбе аумағында 25 жастағы ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпаратты өңірлік полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы «Зорлау» бойынша жүргізілуде.
«Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, жан-жақты зерделеуде. Толық әрі объективті тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін өңірде 10-сынып оқушысының жүкті болу фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл жағдай Темір ауданында тіркелген. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, жасөспірім 20 жастағы жігітпен жақын қарым-қатынаста болған.



