Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таяу Шығыстағы жағдай: БАӘ-де үш мыңнан астам қазақстандық елге қайта алмай қалды

Таяу Шығыстағы жағдай: БАӘ-де үш мыңнан астам қазақстандық елге қайта алмай қалды
Сурет: azan.kz
«Туристік Қамқор» қоры БАӘ-нен елге келе алмай қалған қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына және әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінде турпакетпен барған 3 мыңнан астам қазақстандық елге қайта алмай отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Туристік Қамқор» қоры мәлімдеді. Одан бөлек Қатарда 1 061 Қазақстан азаматы бар. Қазіргі кезде қазақстандықтар қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген.

«Аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтатылды. Осыған орай қазақстандық туристер Парсы шығанағы аймағындағы әуе кеңістігі ашылғанға дейін аталған елдерде уақытша қалып отыр. Туркодтары бар барлық турист қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен қамтылған», — деді «Туристік Қамқор» қоры өкілдері.

Қор төрайымы Инна Рей туристердің барлығы қауіпсіз жағдайда екенін айтты. Сондай-ақ, туристерден сабыр сақтауды сұрады.

Еске салсақ, бұған дейін дрондармен жасалған шабуылдардан кейін Дубай қаласы мен әуежайларында мыңдаған қазақстандықтың қалып қалғаны хабарланған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар