Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылықтар енді зиратты онлайн таңдай алады

Алматылықтар енді зиратты онлайн таңдай алады
Сурет: kstnews.kz
Алматы қаласының тұрғындары өздеріне зираттан алдын ала онлайн орын таңдап, брондап қоюға болады.

Алматыда енді зираттағы орынды онлайн таңдауға және алдын ала брондауға болады. Қала тұрғындары мазараттардағы бос орынның бар-жоғын үйден шықпай-ақ біле алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Қызмет Orynai сервисі арқылы жүзеге асады. Сайтқа кірген кезде қолданушыға екі батырма ұсынылады. Онда "Маманға қоңырау шалу" және "Жерлеуді ұйымдастыру" қызметін таңдайсыз. Біріншісі арқылы оператормен байланыс орнатуға болады. Ал екіншісін таңдаған жағдайда қаладағы негізгі зираттардың тізімі шығады.

Қолданушылар әр зираттың картасын қарап, бейіт орындарының орналасуын көре алады. Картада:

  • сұр түсті тіктөртбұрыштар – толтырылған орындар;
  • қоңыр түстілер – резервтелген;
  • жасыл түспен белгіленгендері – бос жерлер.

Осылайша, қалаған орынды таңдап, ақысын төлеп, брондап қоюға мүмкіндік бар. Айта кетейік, Алматы қаласында жалпы 70 зират бар. Алайда олардың тек 9-ы ғана жерлеуге ашық. Қалған мазараттарға жерлеуге рұқсат берілмейді.

Кейбірі онлайн брондау жүйесін қолдайды. Олардың айтуынша, бұл уақытты үнемдейтін әрі заманауи шешім.

"Тамақтың өзін қазір онлайн тапсырыс арқылы береміз. Уақытымыз жоқ қой. Әр жерге барып, іздеп жүргенше осы жақсы. Қазір зираттарда орын жеткіліксіз дейді. Сөйтіп онлайн бар-жоғын біліп отырасың. Бәрі енді заман талабына қарай ғой. Қажет қой", – дейді қала тұрғыны.

Ал енді бір тұрғындар мұндай қызметті ерсі санайды. Олардың пікірінше, қабір орнын алдын ала брондау моральдық тұрғыдан ауыр әрі жат көрінеді. 

"Қай уақытта зияратты алдын ала алып қойғанын көрген едіңіз. Адам бүгін әлде ертең өле ме, ешкім білмейді" дейді алматылық әйел.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар