Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордада әріптестеріне дөрекі сөйлегені үшін департамент басшысы жазаланды

Қызылордада әріптестеріне дөрекі сөйлегені үшін департамент басшысы жазаланды
ашық дереккөз
Қызылордалық азаматша департамент басшысына шағым түсірді. Осыған сәйкес жоспардан тыс тексеру басталды.
Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жергілікті азаматша шағым айтып келген. Осыған сәйкес департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде бөлім басшысы  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемелкеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының нормалары бұзылғандығы анықталды. «Тексеру қорытындысы бойынша Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бөлім басшысының тәртіптік мәселесін қарау туралы ұсыныс енгізілді. Бөлім басшысы «қатаң сөгіс»» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекет қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Нұржан Алиев.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар