Басты жаңалықтар
Алматылық дәрігерлер қалқанша безі ісігін тұңғыш рет тіліксіз алды
- автор kyn.kz
- 18 шілде, 2018
- 398
Отандық дәрігерлер отаны шетелдік мамандардың көмегімен жасады.
Ота жасалған 65 жастағы пациенттің қалқанша безіндегі ісік 7 жыл бұрын шыққан. Жыл сайын түйнеме үлкейе түскен. Кейін оған А.Сызғанов атындағы Ғылыми хиругриялық орталығының мамандары шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Қалқанша безінің шағын инфвазивті хирургиясы» шеберлік класының аясында елде тұңғыш рет трансоралды тиреоидэктомия жасалады деп шешілді.
Науқас операцияның жаңа әдіспен жасалатынын ота алдында ғана білген. Отаны Алматыға мастер-класс өткізуге шақырылған шетелдік мамандар – неміс профессоры Мартин Штрик пен медициналық ғылымдар кандидаты, ресейлік Антон Пришвин жасады.
Операцияның ерекшелігі сол, біріншіден науқастың денесінде отаның ешқандай белгілері қалмайды. Екіншіден, науқас тез оңалып кетеді де, ауруханада ұзақ жатпайды.
Ал тұңғыш рет осындай ота жасап отырған, барлық керекті құрылғысы мен білімі бар отандық дәрігерлер осындай операцияны енді өздері де жасай алатын болады , деп хабарлайды Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметі.